Месут Өзіл Германия құрамасындағы мәнсабын аяқтады
"Фенербахче" командасының су жаңа ойыншысы атанған Месут Өзіл баспасөз мәслихатында Германия ұлттық құрамасынан кететінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
"Ұлттық құрамаға оралу дейсіз бе? Мен өз сүрлеуіммен жүріп, артқа ешқашан оралмаймын. Сол үшін "жоқ" деп жауап беремін. Мен Германия құрамасына бар жақсылықты тілеймін, алайда ол командада ешқашан ойнамаймын", - деді Өзіл.
"When I go down a path, I never turn back"<br /><br />Mesut Ozil receives a huge round of applause as he says he will never play for Germany again<span> </span>pic.twitter.com/bUGM3DV32q
— The Sun Football (@TheSunFootball)<span> </span>January 27, 2021
Ойыншының сөзіне жиналғандар қол шапалақтады. Өзіл 2018 жылғы әлем чемпионатынан кейін команда сапында ойнаған жоқ. Мундиаль алдында футболшы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен фотосуретке түскен еді, сол себепті оны Гермиания халқы сынға алды. Өзіл Неміс футбол одағынан қолдау таппай, құрамадан кетті.