Аслан Дарабаев қай клубты таңдады

Аслан Дарабаев қай клубты таңдады

«Жетісу» мен Қазақстан құрамасының футболшысы Аслан Дарабаев «Каспимен» келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараптар келісімшартқа қол қоюға жақын. 32 жастағы жартылай қорғаушы бұған дейін өзінің туған жері «Шахтерге» оралмақ болған, бірақ келіссөздер нәтижесіз аяқталды.

Дарабаев қарағандылық «Шахтерден» басқа «Атырау», «Ақтөбе», «Ертіс», «Жетісу», «Тобыл» және «Қайрат» сияқты клубтарда ойнады. Transfermarkt шабуылдаушы жартылай қорғаушының нарықтық құнын 400 мың еуроға бағалайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или