«Қызыл-Жар СК» Түркиядағы ОЖЖ-да болгариялық клубтан басым түсті
Петропавлдық «Қызыл-Жар СК» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында үшінші бақылау матчын өткізді. Қазақстандық клуб Кырджали қаласының «Арда» командасымен ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Андрей Карпович шәкірттері қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.
Еске сала кетейік, «Қызыл-Жар СК» бұған дейінгі жолдастық кездесулерде Украинаның екі клубы - «Мариуполь» (0:4) және «Рухтан» (1:3) жеңілген болатын.
Петропавлдықтар келесі кездесуін 30 қаңтарда Ярославльдің «Шиннигіне» қарсы өткізеді, содан кейін 3 ақпанда «Ахматпен» (Грозный) ойнап, бірінші оқу-жаттығу жиынын аяқтайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или