«Қайсар» Түркиядағы жаттығу жиынына қатысатын құрамын жариялады
«Қайсар» футбол клубы Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанады, деп жазады Prosports.kz.
Қызылордалық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, команда Жерорта теңізінің жағасында 3 наурызға дейін жаттығады.
Жаттығу жиыны аясында Сұлтан Әбілдаев шәкірттері бірнеше жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ Түркияда жаңа ойыншылар қаралымнан өтеді.
Кезекті жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылар:
Қақпашылар: Марсель Исламқұлов, Нұрымжан Салайдын;
Қорғаушылар: Елжас Сарбай, Олжас Алтаев, Иван Граф, Ілияс Әмірсеитов, Абылайхан Төлегенов;
Жартылай қорғаушылар: Данияр Әлімжан, Бекзат Құрманбекұлы, Аян Құлмағанбетов Думан Нәрзілдаев;
Шабуылшылар: Шоқан Абзалов, Өркен Махан.
Команданың шабуылшысы Елжас Алтынбеков аздаған жарақатына байланысты қасқырлардың оқу-жаттығу жиынына кейінірек қосылатын болады.