Сәттілік жолдас болмады. Белорусь жастарынан пенальтиден жеңіліп қалдық

Қазақстан жастар құрамасы Достастық кубогының ширек финалында Белорусь командасына пенальти сериясында жол беріп, енді тек бесінші орын үшін ғана күреседі, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Командалар бір-бірінің қақпасына гол соғудың орнына, өз иелігіне доп жібермеудің қамын жасады. Алғашқы голды көру үшін бір сағаттан астам уақыт күту қажет болды. 64-ші минутта Рауль Джалилов қорғаушылардың қатесін ұтымды пайдаланып, Владислав Василючекті шарасыз қалдырды. Алайда жеңісті есепті қазақстандықтар ұстап тұра алмады. 78-ші минутта Белорусь жастары алыстан бағытталған соққымен таразы басын теңестіріп кетті.

Кездесудің негізгі уақыты тең есеппен біткен соң, жеңімпазы пенальти сериясында анықтауға тура келді. Белорусь футболшылары бес мүмкіндігінің үшеуінде гол соқты. Ал Саулюс Ширмялис шәкірттері өте сәтсіз жасады соққыларын. Қазақстандықтардан тек рауан Сариев қана көзге түсті. Ал Мирас Төлиев, Берік Шаихов және Абат Айымбетов мүлт кетті. Пенальти сериясы 3:1 есебімен аяқталып, Белорусь жастар құрамасы жартылай финалға жолдама алды.

Ал қазақстандықтар 23 қаңтарда 5-8 орындарға таласу кезеңінің жартылай финалында Ресей – ОАР құрамаларының бірімен кездеседі.

Достастық кубогы. 1/4 финал

Беларусь – Қазақстан 1:1 (пенальти – 3:1)

Голдар: 0:1 – Джалилов (64), 1:1 – Яроцкий (78)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или