Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеуіне дайындығын бастады

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеуіне дайындығын бастады

24 қаңтарда футзалдан Қазақстан құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын бастады, деп жазады Prosports.kz сайты.

Ұлттық құрама 28 қаңтарда Израильге қарсы жолдастық матч өткізеді. Ойынды «Qazsport» арнасы 22:55-те тікелей эфирден көрсетеді.

Қазақстан құрамасына шақырту алғандар:

Қақпашылар: Леонардо де Мело Виейра Лейте «Игита» («Қайрат»), Нұрәлем Байдулла («Нұр-Сұлтан»);

Алаңдағы ойыншылар: Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Акбаликов, Дуглас да Силва Негрейрос «Дуглас Жуниор» (бәрі - «Қайрат»), Азат Валиуллин («Аят»), Қайрат Иманалин («Ақтөбе»), Тайнан да Силва Рего «Тайнан» («Спортинг», Португалия), Леонардо Мендока Да Роса «Лео» («Норильский Никель», Ресей), Болат Сарбасов («Атырау»), Төрехан Досов («Бәйтерек»).

Жаттықтырушылар штабы: Пауло Рикардо Фигейро Силва «Кака» - бас бапкер тренер, Сергей Коридзе - бас бапкердің көмекшісі, Луиз Энрике Де Соуза Карриольо Круз - физикалық дайындық бойынша жаттықтырушы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или