«Жетісудың» бұрынғы шабуылшысы Румыния чемпионатында ойнайды
«Жетісудың» бұрынғы шабуылшысы Мартин Тошев мансабын Румыния чемпионатында жалғастырады. Болгариялық форвард Клинчени қаласында өнер көрсететін «Академика» клубында ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz, Transfermarkt порталына сілтеме жасап.
30 жастағы шабуылшының жаңа командасы жергілікті Лига 1-де алтыншы орында тұр.
Еске салайық, Мартин 2019 жылдың жазында Болгарияның ЦСКА командасынан <span>«Жетісуға»</span> ауысқан болатын. Қазақстан чемпионатындағы алғашқы маусымында ол 14 ойын өткізіп, 9 гол соқты.
Өткен маусымда жоғарғы дивизионда Тошев 14 матчқа қатысып, төрт гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или