«Ордабасы» алғашқы жаттығу жиынын бастады
«Ордабасы» футбол клубы жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын бастады, деп жазады Prposports.kz.
Шымкенттік клубтың баспасөз қызметі алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады.
Қақпашылар: Бекхан Шайзада, Владимир Плотников, Кажымукан Толепберген, Игорь Трофимец.
Қорғаушылар: Пабло Фонтанелло, Мардан Толебек, Талгат Адырбеков, Дамир Даутов, Тимур Досмагамбетов, Улар Жаксыбаев, Сагадат Турсынбай, Багдат Каиров, Бекнур Рыскул, Нурали Мамирбаев, Канат Аширбай, Ерик Жарылкасын, Асылжан Булгакбаев.
Жартылай қорғаушылар: Самат Шамши, Эльхан Астанов, Максим Ваганов, Аслудин Хаджиев, Мухит Жаксылык, Омар Нуртаев, Багдат Жиенбай, Даниэль Мауленов, Аскат Ермекуулы, Муроджон Халматов.
Шабуылшылар: Тохтар Жангылышбай, Зикрилло Султаниязов, Мадижан Айтбаев, Жавланбек Бабаназаров.
Айта кетейік, Александра Седнев шәкірттері 29 қаңтарға дейін Шымкентте болады. Содан кейін Түркияға екінші жаттығу жиынына аттанады.