«Тобыл» «Сплиттен» ұтылып қалды

«Тобыл» «Сплиттен» ұтылып қалды

«Тобыл» оқу-жаттығу жиынындағы соңғы матчында хорватиялық «Сплиттен» 1:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Баспасөз қызметі бұл матч «Тобыл» үшін жәй ғана тексеріс болғанын айтты.

Хорватиялық команда өте белсенді ойнады, бірақ алғашқы голын пенальтиден бірінші таймның аяғында ғана сала алды. Екінші голды қазақстандық ұжымның қорғаныстағы қателігі алып келсе, үшінші голды өте әсерлі соқты. «Сплиттің» футболшысы қапталдан допты қабылдап алып, ортаға ойысып, қостанайлықтардың қақпашысын шарасыз қалдырды. Игорь Юрин есеп айырмасын қысқартып, ойынның нүктесін қойды.

Жалпы жиында «Тобыл» төрт матч өткізіп, оның екеуінде жеңіп, екеуінде жеңіліп қалды. 21 қаңтарда команда Қостанайлға оралады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или