Айымбетов ресейлік команда сапында гол соқты

Айымбетов ресейлік команда сапында гол соқты

Ресейлік «Урал» футбол клубы БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиыны аясында жергілікті «Лива» командасымен жолдастық кездесу өткізді. 

Матч 2:1 есебімен ресейлік команданың пайдасына шешілді. 

«Урал» сапында қаралымнан өтіп жүрген қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов гол соғып көзге түсті. Алаңға негізі құрамда шыққан Абат ойынның 49-минутында есепті теңестірді. 

Қазақстан құрамасының шабуылшысы сонымен қатар жеңіс голын соққан Рамазан Гаджимуратовқа нәтижелі пас шығарып берді. 

Айта кетерлігі, екінші таймда тағы бір отандасымыз Максим Федин де алаңға шықты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или