«Қызыл-Жар СК» Түркиядағы жиында екінші рет жеңілді

«Қызыл-Жар СК» Түркиядағы жиында екінші рет жеңілді

Петропавлдық «Қызыл-Жар СК» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында екінші жолдастық матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Андрей Карповичтің шәкірттері украиналық «Рух» клубымен кездесті. 

Бұл матчта есепті қазақстандық клубта қаралымнан өтіп жатқан ойыншы ашты, бірақ үзіліске дейін украиналықтар таразы басын теңестіріп тастады. Ал екінші таймда қазақстандық клуб тағы екі клуб жіберді. Осылайша, «Рух» 3:1 есебімен жеңді.

«Қызыл-Жар СК» жиындағы алғашқы матчында украиналық «Мариупольден» 0;4 есебімен жеңілген болатын. Енді петропавлдықтар 27 қаңтарда болгариялық «Ардаға» қарсы ойнайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или