«Ақтөбеге» қаралымнан өтуге үш футболшы келді

«Ақтөбеге» қаралымнан өтуге үш футболшы келді

Чернышёв, Джорджевич, және Бурнаш қаралымға Түркия еліне келіп қосылды.

Ресейлік ойыншылар Георгий Бурнаш пен Олег Чернышёв, және черногориялық шабуылшы Бобан Джорджевич бүгін "ақ-қызылдардың" Түркиядағы ОЖЖ келіп қосылды. Үшеуі де өткен маусымда "Ақтөбе" сапында сәтті ойын көрсеткен. Дегенмен Бірінші лига біріншілігі біткеннен кейін еңбек келісім шарттары аяқталған болатын.

Қазіргі таңда олар өзге де шет елдік ойыншылар секілді жаңа бапкерлік құрамға қаралымнан өтуде. Ойыншылардың жаңа келісім шарт туралы мәселесі қаралым аяқталғаннан кейін шешілетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или