Қазақстандық футболшыға Испания клубынан ұсыныс түскен

Қазақстандық футболшыға Испания клубынан ұсыныс түскен

«Сочи» клубының қазақстандық жартылай қорғаушысы Акмаль Бахтияровға шетелден бірнеше ұсыныс түскен. Бұл туралы агенті Дмитрий Селюк хабарлады.

«Оған Испанияның екінші лигасынан ұсыныс келді. Бірақ қазіргі уақытта ол жаққа жұмыс визасын жасату өте қиын.

Ал мен оның ойнағанын қалаймын. Өйткені ол мықты футболшы. Оған тек уақыт беру қажет», - дейді Селюк.

Ресейлік клуб Бахтияровты «Олимпик» клубына жалға беруді жоспарлап отыр. Ол «Сочидің» жаттығу жиынына жиынына барған жоқ.

Оның айтуынша, Бахтияровқа бірнеше қазақстандық команда қызығушылық танытқан. Алайда оның украиналық «Олимпикке» ауысу мүмкіндігі жоғары.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или