Агент: Акмаль Бахтияров «Олимпикке» ауысуды шешті

Агент: Акмаль Бахтияров «Олимпикке» ауысуды шешті

«Сочи» клубының қазақстандық жартылай қорғаушысы Акмаль Бахтияров мансабын Украинада жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы агенті Дмитрий Селюк хабарлады.

Ресейлік клуб Бахтияровты «Олимпик» клубына жалға беруді жоспарлап отыр. Ол «Сочидің» жаттығу жиынына жиынына барған жоқ.

«Оны жиынға алар еді. Бірақ Бахтияровқа көбірек ойнау қажет деген шешімге келдік. «Сочиде» бұрынғы ойыншылар көп. Сол үшін Акмальға кеткені дұрыс деп шештік. Қазақстанның көп командалары оны сапында көргісі келді. Дегенмен «Олимпикке» ауысуды шештік», - дейді Селюк.

Оның айтуынша, Бахтияровқа бірнеше қазақстандық команда қызығушылық танытқан. Алайда оның украиналық «Олимпикке» ауысу мүмкіндігі жоғары.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или