Live
Спорттағы коронавирус
ММА

Сергей Морозов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде ұтылып қалды

Сергей Морозов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде ұтылып қалды

Қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-4) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол UFC-де БАӘ-нің Абу-Даби қаласындағы Fight Island-дағы ESPN 20-да бақ сынап, UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі ресейлік футер Умар Нурмагомедовпен (12-0) кездесті. Олардың жеңіл салмақтағы жекпе-жегі үш раундқа жоспарланған еді. Алайда, екінші раундта Умар қылғындыру әдісімен жеңіске жетті.

Осылайша, Умар Нурмагомедов кәсіби мансабындағы он үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Сергей Морозов бесінші жеңілісіне ұшырады.

Сенбіден жексенбіге қараған түні UFC-де тағы бір қазақстандық өнер көрсетеді: Жалғас Жұмағұлов (13-4) швед Амир Албазимен (13-1) жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0