Ресми: Алексей Бага «Ақтөбенің» тізгінін ұстайды

Ресми: Алексей Бага «Ақтөбенің» тізгінін ұстайды

Беларусь маманы Алексей Бага «Ақтөбемен» келісімшартқа отырады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін «Ақтөбе» командасы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанды.

«Түркияға бас бапкер Алексей Бага келеді. Белорусьтік маманмен келісім шартқа отыру сол жақта өткізу жоспарда. Багамен бірге оның көмекшісі Валерий Тарасенкода келеді. Сонымен қатар бапкерлік құрамға Владимир Зеленовский кіреді. Владимир өткен жылғы кәсібі физикалық дайындық бойынша бапкер қызметінде қала береді», - делінген мәлімдемеде.

Бага қазақстандық командада жұмыс істеу үшін Литваның «Жальгирисімен» келісімшартты бұзды.

Сонымен қатар, Алексей Анатольевич Беларусь футболының үздік командасы БАТЭ-ны біраз жыл баптады.

Айта кетейік, «Ақтөбе» жергілікті футболшылармен бірге алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или