Азиялықтардан жеңіліп, еуропалықтарды ұттық. Африкалықтарды қайтеміз?

Азиялықтардан жеңіліп, еуропалықтарды ұттық. Африкалықтарды қайтеміз?

Қыс мезгілінде қазақ футболының жанкүйерлері бір ғана турнирге көз тігеді. Бұл – Достастық кубогы. «PROСПОРТ» тілшісі биылғы жарыста өнер көрсетіп жатқан жас футболшылардың шабысына баға бермек.

Жыл сайын бір сатыға көтеріліп келе жатқан Қазақстанның жастар құрамасы (2012 жылы 7-орын, 2013 ж – 6-орын, 2014 ж – 5-ші орын) ілгерілеу заңы бойынша биыл төртінші орын алуы тиіс. Бірақ бұл жай ғана статистика. Петерборға аттанған жігіттердің арасында Бауыржан Исламхан секілді айқын көшбасшы жоқ. Мұны Владимир Нидергаус та атап айтқан.

Жеребе тарту рәсімінен кейін Қазақстан топтан оңай шығатындай елестеді. Алғашқы турда тәжіктерді қалпақпен ұрып саламыз деп ойладық. Сөйтсек, олай емес екен. Саулюс Ширмялис шәкірттерінің ойыны шашыраңқы болып, қарсыласына үш ұпайды ұстата салды. Шаруамыз бітті дедік. Бұған дейін тек бір рет қана топтық кезеңнен өте алған Тәжікстанға жол бергеннен кейін-ақ жарысты жалғастырудың қажеті жоқ деп жатты қазақ футболының жанкүйерлері. Мұндай намысқа тиер сөздер қазақ футболшыларын қайраса керек, екінші турда жастарымыз Литва құрамасынан айласын асырды. Естеріңізде болса, 2012 жылы Қазақстан аталмыш турнирде 5-8-ші орындарға таласу матчында осы Литвадан ұтылып қалған еді. Енді есені қайтардық әрі сенімді күшейттік. Қоржынымызда үш ұпай бар, ширек финалға шығуға мүмкіндік те артты.

Енді ертең жерлестеріміз Оңтүстік Африка Республикасынан келген құрдастарымен кездеседі. Жалпы, қазақ футболы үшін африкалықтар – бейтаныс қарсылас. Қара құрлықтан келген бұл жігіттер төрт ұпаймен топта көш бастап тұр. Дэвид Нотуони бұл турнирге тәжірибесі аз, құрамаға енді ілігіп жүрген 17-19 жасар футболшыларды алып келген. Рас, кейбірі Португалия, Голландия чемпионаттарының клубтарында өнер көрсетеді. Дегенмен азуы қатаймаса да, батырып тістейтін африкалық жастардан бір ұпай болса да тартып ала алады біздің жігіттер.

Оле Бразил Академиясында тәлім алып қайтқан футболшыларымыздың «Гранаткин Мемориалы» турниріндегі сәтсіздігінен кейін қазақ футболының ертеңіне сенетіндердің саны азайып кетті. Бұл тұста сол сайыстың масқарасын Достастық кубогы ұмыттыруы тиіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или