Асхат Тағыберген «Қайсардан» кетті

Асхат Тағыберген «Қайсардан» кетті

«Қайсар» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген командадан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

30 жастағы футболшы командасымен де қоштасып үлгерген.

Тағыбергенді жақында ҚПЛ-дың басқа клубы өз ойыншысы ретінде таныстырмақ. Жартылай қорғаушыны өткен жазда «Астана» шақырған, қазір де қос тарап арасында келіссөздер белсенді жүріп жатыр.

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы өткен маусымда қызылордалық клуб сапында 14 матч өткізіп, онда төрт гол соққан және екі нәтижелі пасы тағы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или