Асхат Тағыберген «Қайсардан» кетті

Асхат Тағыберген «Қайсардан» кетті

«Қайсар» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген командадан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

30 жастағы футболшы командасымен қоштасып та үлгерген.

Тағыберген жақын арада жаңа клубқа ауысады. Өткен жазда Тағыбергенді «Астана» клубы шақырған еді, қазір де келіссөз белсенді жүріп жатыр.

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы ҚПЛ-дың өткен жылғы маусымында «Қайсар» сапында 14 матч өткізіп, төрт гол соққан және екі нәтижелі пасы тағы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или