«Атырауды» жаңа маусымда кім жаттықтырады
Арам Восканян «Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметін жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.
Клубтың баспасөз қызметі армениялық маманмен келісімшарт мерзімін ұзартылғаны туралы ресми хабарлады.
Өткен маусымда «Атырау» Восканянның жетекшілігімен Бірінші лиганың 2-ші конференциясында жеңіске жетіп, Премьер лигаға жолдама алды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта негізінен жергілікті ойыншылардан құралған құрам Түркияға оқу-жаттығу жиынына баруға дайындалып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или