Үздік алтылыққа кіру – «Қайсардың» мақсаты

«Қайсар» ФК-ның баспасөз қызметі қызылордалық клубтың жаңа ойыншылары мен алдағы маусымдағы мақсаттары туралы айтып берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

– «Қайсар» жақын арада жаңа ойыншылармен толығады ма?

– Қазір жаңа келісім-шарттар туралы ақпарат жоқ. Клубымызға кімнің келетіні үшінші ОЖЖ кезінде анықталады.

– «Қайсардың» жейдесін киюі мүмкін футболшылар бар ма?

– Алдағы уақытта «Қайсардың» ойыншысы болуы мүмкін деп екі ойыншыны айта аламын, бұлар: Қайрат Нұрдәулетов пен Фархадбек Ирисметов.

– Клуб алдағы маусымда қандай мақсаттарды көздеп отыр?

– Ресми тапсырмалар әлі жарияланған жоқ. Маусымның бас жағында ғана белгілі болады. Облыс басшылығы бізге үздік алтылыққа кіруді тапсырып отырғанын ғана айта аламын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или