«Жетісу» қақпашысына қазақстандық клубтардан бірнеше ұсыныстар түсті

«Жетісу» қақпашысына қазақстандық клубтардан бірнеше ұсыныстар түсті

Meta-ratings.kz мәліметінше, тәжірибелі қақпашы Алмат Бекбаев жаңа маусымда «Жетісуда» өнер көрсетпейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>Команда капитаны клубпен келісімшартты аяқтады. 36 жастағы футболшы қазір бірқатар КПЛ клубтарымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Тарихында тұңғыш рет Премьер-лигаға шығып, Түркістандағы су жаңа стадионда өнер көрсетуге мүмкіндік алған «Арыс» командасы тәжірбиелі қақпашыны өз қатарында көргісі келеді.</span>

<span>Бірақ, Бекбаев шешім қабылдауға әлі асықпайды. Команданың бас бапкері кім болатынын, және клубтағы маусымға қойған жоспарын білгісі келеді.</span>

<span> Бекбаев «Жетісуда» 2018 жылдан бері өнер көрсетті. Бұған дейін «Ордабасы», «Ақтөбе», «Тобыл» және «Ертіс» командаларында ойнаған. Сондай-ақ, соңғы бірнеше жыл ішінде ол Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар құрамының назарында болды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или