Ресейлік клуб Исламбек Қуатпен қош айтыспақ
Ресейлік «Химки» клубы Қазақстан құрамасының ойыншысы Исламбек Қуатпен қош айтыспақ.
Бұл туралы Betonmobile сайты хабарлады. Қазір ресейлік ұжым Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жиында қазақстандық футболшы көрінбейді.
Исламбек Қуат «Химки» клубына өткен жылдың қыркүйек айында қосылған. Алайда осы уақытқа дейін негізгі құрамның ойыншысына айнала алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или