«Астананың» алғашқы оқу-жаттығу жиыны қашан басталады
«Астана» футбол клубының ойыншылары 16 қаңтарда жиналып, медициналық тексеруден өткен соң жаңа маусым алдындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынына кіріседі, деп жазады Prosports.kz.
<span>Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.</span>
<span> Футболшыларды медициналық тексеруден өткізу 16-17 қаңтарға жоспарланған. Ал келесі күні Андрей Тихоновтың шәкірттері жаттығу процесін бастайды. </span>Ойыншылар 31 қаңтарға дейін Нұр-Сұлтанда болады.
Жаттығу жиынына клубпен келісімшарттары бар барлық футболшылар, сондай-ақ өткен маусымда өзге командаларда жалға берілген <span>жас футболшылар қатысады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или