Максим Федин: «Литваға қарсы ойында жігіттер жеңісті көздеді»

Максим Федин: «Литваға қарсы ойында жігіттер жеңісті көздеді»

Қазақстан Жастар құрамасының ойыншысы Максим Федин Достастық Кубогы жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Литва құрамасын ненің арқасында жеңдіңіздер?

- Әрине, Литва құрамасы команда ретінде өте мықты қарсылас. Матч оңайға соқты деп айта алмаймын, өте қиын болды. Жеңіске бапкеріміздің тактикасы мен ойынға қосқан құрамының арқасында жеттік. Тағы да айтарым, команданың алаңда жан-тәнмен беріле, соңына дейін ойнағанына риза болдым. Біздің жігіттер тек қана жеңісті көздеді.

- Тәжікстан құрамасынан не себепті ұтылдыңыздар?

- Нақты себебін айта алмаймын. Ойынымыз жүрмеді мүлдем.

- ОАР командасын жеңуге қаншалықты мүмкіндігіміз бар?

- Қазір командада көңіл-күй жақсы, алаңға тек жеңіске жету үшін шығамыз.

- Соңғы сұрақ, жаңа клубыңыз «Спартак Златибор Вода» сапына қашан қосыласыз?

- Жарыс аяқталысымен бірден Сербияға ұшамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или