«Астана» Шомкомен қоштасты
«Астана» футбол клубы команданың вице-капитаны, қорғаушы Дмитрий Шомкомен қоштасты, деп жазады Prosports.kz.
«Дима алғаш рет 2011 жылы біздің команданың жейдесін киіп, клубпен бірге Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған болатын. Сәл кейінірек Шомко елордалық команда сапына қайта оралып, клубпен бірге үлкен жетістіктерге қол жеткізді - 6 дүркін ел чемпионы, 3 мәрте суперкубоктың, Қазақстан кубогының жеңімпазы, Чемпиондар лигасының, Еуропа лигасының топтық кезең қатысушысы атанды. Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты.
«Астана» футбол клубы Дмитрийге қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ оның мансап жолына сәттілік тілейді», - деп жазды елордалық клубтың баспасөз қызметі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или