«Оқжетпес» клубының директоры қайтыс болды

«Оқжетпес» клубының директоры қайтыс болды

Көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубының директоры Ерлан Ботембаев 47 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлан Бөтембаев көкшетаулық футбол клубын 2018 жылдың ақпанынан бері басқарды, «Оқжетпес» ұжымын ол басқарған жылдары клуб Бірінші лигадан Қазақстан премьер-лигасына қайта оралды. Ал 2019 жылы ел чемпионатында 7-орын алды. Бұл - клуб тарихындағы ең нәтижелі көрсеткіш.

Prosports.kz редакциясы Ерлан Дүйсенұлының отбасы мен достарына көңіл айтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или