«Ротор» «Астананың» тағы бір футболшысымен келіссөздер жүргізіп жатыр

«Ротор» «Астананың» тағы бір футболшысымен келіссөздер жүргізіп жатыр

«Ротордың» бас бапкері Александр Хацкевич жартылай қорғаушы Иван Маевский мен қорғаушы Дмитрий Шомконың «Астанадан» ауысуы туралы айтты. Сонымен қатар, Волгоград командасы астаналық клубтың тағы бір футболшысы - шабуылшы Алексей Щеткинмен келісімшартқа қол қоюға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Маевский мен Шомко ресми түрде «Ротордың» ойыншылары, және Щеткинмен келіссөздер жүргізілуде, бірақ жалпы қазірдің өзінде келісім бар. Үш ойыншы да біздің команданы күшейтеді деп сенемін», - деді Хацкевич Sport24-ке берген сұхбатында.

19 турдан кейін «Ротор» 14 ұпай жинап, Ресей чемпионатының турнир кестесінде 13-ші орынға жайғасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или