«Астон Вилла» - «Тоттенхэм» матчы кейінге шегерілді
Англия Премьер-лигасының 18-туры аясындағы «Астон Вилла» - «Тоттенхэм» матчы кейінге қалдырылды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы АПЛ баспасөз қызметі ресми хабарлады.
Аталған ойын 13 қаңтарда өтуі керек еді. Алайда «Астон Вилланың» көптеген ойыншысы коронавирус жұқтырып алғандықтан, олар кездесуді кейінге шегеруге өтініш білдірді. Ал лига басшылығы клубтың өтінішін қабыл алып, ойынды кейінге қалдырды.
Командалардың бір-бірімен қашан ойнайтыны әзірге белгісіз. Лига басшылығы бұл мәселені жақын арада шешеді.
Aston Villa’s match against @SpursOfficial, due to be played at Villa Park on Wednesday 13 January, has been rescheduled following a decision by the Premier League Board<br /><br />Full statement: https://t.co/wFj1It79ia #PL #AVLTOT pic.twitter.com/4Mr2HiTchJ
— Premier League (@premierleague) January 11, 2021