ПСЖ-ның басты трансферлік мақсаты қандай
"Пари Сен-Жермен" "МанчестерЮнайтедтің" франциялық жартылай қорғаушысы Поль Погбаға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz Daily Star порталына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, париждік клубтың жаңа бас бапкері Маурисио Почеттино жартылай қорғаушыны негізгі трансферлік мақсат деп санайды. Французға "Реал" мен "Ювентус" те қызығушылық танытып отыр.
Осы маусымда 27 жастағы Погба "Манчестер Юнайтед" сапында барлық турнирде 21 кездесу өткізіп, екі гол соқты жәнеүш нәтижелі пас берді. Оның клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или