Италия чемпионаты: «Милан» «Торинодан» басым түсті (бейнешолу)

Италия чемпионаты: «Милан» «Торинодан» басым түсті (бейнешолу)

Италия чемпионатының көшбасшысы «Милан» өз алаңында «Ториноны» 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Россонери» сапынан Рафа Леау мен Франк Кессье мергендік танытты. Екеуі де бірінші таймда гол соқты.

85-минутта жарақатқа байланысты ұзақ уақыт матчтарға қатыса алмаған 39 жастағы Златан Ибрагимович алаңға шықты.

«Милан» 40 ұпай еншіледі. Екінші орындағы «Интердің» еншісінде 36 ұпай. Антонио Конте шәкірттері 17-тур ойынын бүгін «Ромаға» қарсы қонақта өткізеді.

Италия A сериясы. 17-тур

«Милан» (Милан) – «Торино» (Турин) 2:0 (2:0)

Гол авторлары: 1:0 – Леау (25), 2:0 – Кессье (36, пен)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или