Ла Лига: «Атлетико» - «Атлетик» қалың жауған қарға байланысты өткізілмейді

Ла Лига: «Атлетико» - «Атлетик» қалың жауған қарға байланысты өткізілмейді

Испания чемпионатының 18-турындағы «Атлетико» - «Атлетик» арасындағы бүгінге жоспарланған кездесу өтпей қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ла Лига Мадридте қалың қардың түсуіне байланысты ойынның белгісіз мерзімге шегерілгенін жариялады.

Бұған дейін Баск елінің командасы мінген ұшақ Испания астанасына қона алмайтыны хабарланған болатын.

Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығынан Wanda Metropolitano стадионында доп тебу мүмкін емес болып тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или