Константин Сарсания: «Қазақстанның 4-5 клубында футболшылар 30 мың доллар жалақы алады»

Ресейдің «Зенит», «Динамо» клубтарында спорттық директор болған Константин Сарсания «Спорт Экспресс» басылымына ЕАЭО футболшыларын легионер қатарынан алып тастау туралы өз ойын білдіріп, сұхбат берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

– Спорт министрлігі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ойыншылары үшін легионер статусын алып тастауды қарастыруды жоспарлап отыр. Бұл Ресей Премьер-лигасына қалай әсер етеді?

– Ешқандай әсері болмайды. Бұл бастаманың біздің біріншілікке пайдасы да, зияны да тимейді. Егер, одаққа мүше елдердің футболын дамыту жоспары болса, онда басқа әңгіме. Әйтпесе, легионер статусын алып тастағанмен Беларусь, Армения, Қазақстан сонымен қатар Қырғызстан сияқты елдердің футболшылары біздің чемпионатта ойнап кетеді дегенге сенбеймін.

Мүмкін, жас беларусь футболшылары өсуі мүмкін. Өйткені, ол жақта балалар академиялары жақсы жұмыс істеуде. Бірақ, дәл қазіргі кезде ешқандай жұлдыз көріп тұрған жоқпын. Әйтпесе, мен Беларусьтардың ұлттық және жастар құрамасының ойындарын үнемі бақылап отырамын.

– Ал, Арменияда Мовсисян мен Озбилиздің деңгейіндегі футболшы бар ма?

– Өкінішке қарай, жоқ. Үздігі – Мхитарян. Бірақ оның өзі Дортмундта. ЕЭО елдерінен легионер статусын алып тастағаннан «Спартак» бірдеңе ұтады ма? Мүмкін, Мовсисян мен Озбилиз қалып жатса пайдасы болар. Басқасын білмедім.

– Қазақстаннан талапқа сай келетін қызықты кадрлар шығады ма?

– Жоқ. Осыдан біраз бұрын бас бапкер Юрий Красножанмен бұл тақырып жөнінде сөйлескен болатын. Легионер статусы алынып тасталатын болса, керсінше орыс футболшылары Қазақстанда көбейеді. Себебі, ол жақта 4-5 клубтың қаржылық жағдайы өте жақсы. Орташа айлық жалақы 30 мың доллардың көлемінде. Біздің рубльдің курсы түсіп жатқанда, ресейлік футболшыларға бұл сумма аз болмайды деп ойлаймын.

baq.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или