Зеедорф пен Хабибті не байланыстырады? Левандовски Германияда үздік болып танылды. Бензема сот алдында жауап береді
Голландия құрамасының экс-футболшысы Кларенс Зеедорф UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен кездесуден кейін алған әсері туралы айтты, Get German Football News (GGFN) Германиядағы ең үздік 100 футболшының тізімін жасады, ал франциялық футболшы Кәрім Бензема сот алдында жауап бермек, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Хабиб, сенімен бірге жақсы уақыт өткіздік. Нағыз аңыз және джентльменсің. Әкеңіз сізді көктен спортта да, өмірде де одан да үлкен жетістіктерге жетелей берсін», - деп жазды Зеедорф Instagram-да.
Бұған дейін Хабиб әкесі Абдулманап Нурмагомедов голландиялықты өзінің сүйікті футболшысы деп санайтынын айтқан еді.
44 жастағы Зеедорф бүкіл мансабында «Аякс», «Сампдория», «Реал», «Интер» және «Ботафого» клубтарында ойнады. Кейіннен жаттықтырушы болды. Соңғы жұмыс орны - Камерун құрамасы.
</picture>Get German Football News (GGFN) Германиядағы ең үздік 100 футболшының тізімін жасады.
Рейтингке енудің шарты - ойыншының 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін Бундеслига немесе Бундеслига 2 командалары сапында тіркеліп тұруы.
Соңғы жылдардағы көптеген рейтингтердегідей «Бавария» басымдық танытып тұр. Үздік ондыққа мюнхендік клубтың бірден 8 өкілі кірді.
Жылдың үздік 15 футболшысы:
1. Роберт Левандовски (шабуылшы, «Бавария»)
2. Йозуа Киммих (жартылай қорғаушы, «Бавария»)
3. Джадон Санчо (жартылай қорғаушы, «Боруссия» Дортмунд)
4. Эрлинг Голланд (шабуылшы, «Боруссия» Дортмунд)
5. Томас Мюллер (жартылай қорғаушы, «Бавария»)
6. Дэвид Алаба (қорғаушы, «Бавария» Мюнхен)
7. Мануэль Нойер (қақпашы, «Бавария» Мюнхен)
8. Серж Гнабри (жартылай қорғаушы, «Бавария»)
9. Альфонсо Дэвис (қорғаушы, «Бавария»)
10. Леон Горетцка (жартылай қорғаушы, «Бавария» Мюнхен)
11. Матс Хуммельс (қорғаушы, «Боруссия» Дортмунд)
12. Маркус Турам (жартылай қорғаушы, «Боруссия» Менхенгладбах)
13. Алассан Плеа (шабуылшы, «Боруссия» Менхенгладбах)
14. Марсель Забитцер (жартылай қорғаушы, «РБ Лейпциг»)
15. Кристофер Триммель (қорғаушы, «Юнион» Берлин).
</picture>Мадридтік «Реал» шабуылшысы Кәрім Бензема «Олимпиакостың» жартылай қорғаушысы Матье Вальбуенаны интимдік бейнесуретімен бопсалау ісі бойынша сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Le Parisien.
Газеттің хабарлауынша, сот ісі Версальда өтеді. Бензема Вальбуенаны бопсалап, ақша төлеуді сұрағандар арасында делдал болды деп күдікке ілініп отыр.
Еске сала кетелік, жанжал 2015 жылы болған. Осыған байланысты екі ойыншы да 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатыса алмады. Содан бері Бензема да, Вальбуена да Франция құрамасында ойнаған жоқ.