Лория «Ертіспен» келісім-шартқа әлі отырған жоқ

«Ертіс» ФК-ның баспасөз қызметі порталымыздың тілшісіне берген сұхбатында Давид Лорияның павлодарлық командадағы болашағы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Баспасөз қызметінің өкілі «Қайраттың» бұрынғы ойыншылары Самат Смақов пен Александр Кислицынның келісім-шарттары ресми түрде күшіне енгенін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, алматылық ұжым «Астанадан» 1:5 есебімен ұтылғаннан кейін «халықтық команданың» басшылығы бес ойыншыны ойындар мен жаттығулардан шеттетіп тастаған болатын. Олардың ішінде Смақов пен Кислицын де бар.

Ал қақпашы Давид Лорияға келер болсақ, ол павлодарлық клубпен ауызша келісіп қойған. Ресми келісім-шартқа «Ертіс» жиыннан келген соң, 23 қаңтарда қол қойылады.

Айта кетейік, 33 жастағы голкипер павлодарлықтардың намысын 2010-2012 жылдардың арасында қорғаған. 2014 жылы Лория түркиялық бірінші лигада ойнайтын «Каршияктың» қақпасын күзетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или