Мадридтің «Реалын» Зинедин Зиданнан кейін кім жаттықтырады

Мадридтің «Реалын» Зинедин Зиданнан кейін кім жаттықтырады

Мадридтің «Реалы» қазіргі бас бапкер Зинедин Зиданнан кейін команданы басқаруға қабілетті маманның кандидатурасын таңдап қойды, деп хабарлайды Prosports.kz  Чемпионатқа сілтеме жасап.

AS-тың хабарлауынша, корольдік клуб өздерінің аңызға айналған футболшысы Рауль Гонсалеске сенім артуы мүмкін, ол қазір «кілегейлілердің» екінші командасын баптап жүр.

Рауль Мадридтің екінші командасын 2019 жылдан бері жаттықтырады. Оның басшылығымен команда өткен жазда УЕФА Жасөспірімдер лигасын жеңіп алды.

17 турда 36 ұпай жинаған «Реал Мадрид» Испания чемпионатының турнир кестесінде екінші орында тұр. Примера көшбасшысы «Атлетико» корольдік клубтан 2 ұпайға алда келеді, әрі ойналмаған екі ойыны бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или