«Ақтөбе» украиналық клубпен жолдастық кездеск өткізеді
«Ақтөбе» футбол клубының Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиыны аясында кездесетін қарсыласы анықталды, деп жазады Prosports.kz.
«Ақтөбе» маусым алды жаттығу жиыны кезінде Украина Премьер-лигасында бақ сынайтын «Минаймен» жолдастық матч өткізеді.
Матч 2 ақпанда Түркияның Белек қаласында өтеді.
Айта кетейік, «Ақтөбе» 2020 жылғы маусымда Бірінші лигада бақ сынады. Батысқазақстандық ұжым сәтті ойындарының арқасында жоғары дивизионға жолдама алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или