Ерлан Махамбедиев «Байқоңырды» жаттықтырады

Ерлан Махамбедиев «Байқоңырды» жаттықтырады

Қызылордалық «Байқоңыр» командасының аға жаттықтырушысы қызметіне Ерлан Махамбедиев тағайындалды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

<span>- Ерлан Орақұлы Қызылорда футбол мектебінің түлегі. Футболдық мансабын «Қайсар» командасынан бастап, «Яссы Сайрам», «Айжарық» секілді командаларда доп тепкен. 41 жастағы маман осы уақытқа дейін бірнеше бапкерлік сатыдан өткен. «Қайсар» және «Тараз» футбол орталығында жаттықтырушы, Қазақстан U-18 құрамасының бапкері, «Байқоңыр» ФК бас бапкерінің көмекшісі қызметін абыроймен атқарып келді. Клуб ұжымы Ерлан Махамбедиевке сәттілік тілейді.</span>

<span>Айта кетейік, «Қайсар U-21» командасының бас бапкері қызметін атқарған Жарқын Жоламанов енді Ерлан Орақұлына көмек көрсетеді, - деп жазды клубтың ресми сайты. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или