«Қызыл-Жар» алғашқы жаттығу жиынына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады

«Қызыл-Жар» алғашқы жаттығу жиынына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады

Петропавлдық «Қызыл-Жар» футбол клубы алғашқы оқу-жаттығу жиыны өтетін уақыт пен орнын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу-жаттығу жиыны бүгін, 6 қаңтарда Петропавлда басталып, 15 қаңтарға дейін жалғасады. Оған тек жергілікті ойыншылар қатысады.

Айта кетейік, өткен маусымның соңында бас бапкер Вячеслав Руснак командадан кетті. Жаңа жаттықтырушының есімі кейінірек белгілі болады.

Алғашқы жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімі:

Қақпашылар: Вадим Петров, Владимир Коломацкий;

Қорғаушылар: Ильдар Айтов, Виктор Гунченко, Әлібек Қасым, Всеволод Колода, Руслан Ковалев;

Жартылай қорғаушылар: Артем Черединов, Әділ Иманов, Мейірхан Төлебай, Карен Янунц, Мирас Жеңіс;

Шабуылшылар: Тимур Мулдинов, Максим Скорих, Алмас Измайлов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или