Мұрат Тілешов – «Ақтөбенің» спорт директоры

Мұрат Тілешов – «Ақтөбенің» спорт директоры

Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мұрат Тілешов «Ақтөбе» футбол клубының спорт директоры болып тағайындалды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ақтөбелік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Мұрат Әзімбекұлы футболдағы мансабын 1998 жылы туған өлкесіндегі «Тараз» клубынан бастаған. Сонымен қатар ол «Шахтер», «Астана», «Ертіс», «Жетісу» және «Атырау» сынды командаларда доп тепті.

Мұрат «Ақтөбе» сапына үш мәрте өнер көрсетті. «Ақтөбе» командасында өзінің үздік жылдарын 2009-2010 жылдары өткізді. Сол жылдары ол ел біріншілігінің үздік сұрмергені болды.

Мансабын аяқтағаннан кейін «Қазақстан футбол федерациясы» және «Астана», «Шахтер» футбол клубтарында спорт директоры қызметтерін атқарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или