Владимир Газзаев «Ордабасымен» келісе алмады

Владимир Газзаев  «Ордабасымен» келісе алмады

Ресейлік маман Владимир Газзаев «Ордабасы» командасымен келісімге келмеді. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады.

40 жастағы маман шымкенттік клубтың бас бапкері қызметіне басты үміткер болған еді. Ол Шымкентке келіп, клуб басшылығымен сөйлескен. Алайда ұсыныстан бас тартты. Бұған дейін ол «Ақтөбе» мен «Тобылды» жаттықтырған.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының соңғы маусымында «Ордабасы» 20 турда 31 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орын алды. Сөйтіп еурододаларға қатысуға мүмкіндік ала алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или