«Қызыл-Жар СК» футбол клубы алғашқы оқу-жаттығу жиыны туралы жария етті
«Қызыл-Жар СК» футбол клубы алғашқы оқу-жаттығу жиынын Петропавлда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Оқу-жаттығу жиыны 6 мен 15 қаңтар аралығында өтеді деп атап өтілген. Команда алдағы жоспары мен бас бапкерді тағайындау туралы кейінірек хабарлайды.
Еске сала кетейік, молдовалық маман Вячеслав Руснак өткен айда Петропавл клубынан кеткен болатын. Бас бапкер қызметінен кетуі отбасылық жағдайымен түсіндірілді.
«Қызыл-Жар СК» Қазақстан чемпионатының соңғы маусымында 20 турдан кейін 23 ұпай жинап, тоғызыншы орынды иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или