Роналду Instagram желісінде де рекорд орнатты

Роналду Instagram желісінде де рекорд орнатты

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram-да жазылушылар саны бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дәл қазір 35 жастағы португалиялықтың парақшасына 250 миллион адам жазылды.

Еске сала кетейік , Instagram-дағы жарнамадан түсетін табыс Роналдудың кірістерінің бір бөлігі саналады. Футболшының парақшасында жарнама жариялау 975 мың доллар тұрады деп хабарланған болатын.

Осы маусымда Роналду 14 кездесу өткізіп, 16 гол соққан және бір нәтижелі пасы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или