Станимир Стоилов жаңа командасында 1 млн жалақы алады
Қазақстан құрамасы мен «Астананың» бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов болгариялық команданы тізгіндеуі мүмкін.
<span class="s1">Лудогорец</span>» клубының өкілдері жаттықтырушымен кездесіп, келіссөз жүргізген. Клуб бапкерін жаңа жылға дейін таныстыруды жоспарлап отыр.
«Станимир Стоилов Болгарияда ең көп айлық алатын жаттықтырушы болады. «Тема Спорт» ақпараты бойынша, 53 жастағы маман жылына 1 миллион еуро жалақы алады», - деп жазды басылым.
Айта кетейік, Станимир Стоилов «Астананы» 2014-2018 жылдар аралығында жаттықтырған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или