«Қайрат» пен «Ордабасының» бұрынғы бас бапкері «Пахтакордың» тізгінін ұстауы мүмкін

«Қайрат» пен «Ордабасының» бұрынғы бас бапкері «Пахтакордың» тізгінін ұстауы мүмкін

Ташкенттің «Пахтакоры» бас бапкер лауазымына Кахабер Цхададзенің кандидатурасын қарастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.asia сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, Өзбекстан астанасының клубының соңғы шешімі қандай болатыны әлі нақты емес.

Цхададзе «Ордабасының» тізгінін 2018 жылы ұстап, жақында ғана клубтан кеткен еді.

Ал 2016-2017 жылдары 52 жастағы грузиялық маман алматылық «Қайраттың» бас бапкері болды.

2020 жылы Ташкенттің «Пахтакоры» 13-ші рет Өзбекстан чемпионы атанды. Команданы тағы бір грузиялық маман Шота Арвеладзе баптаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или