«Жетісу» Жақсылықовты өзге клубқа жібермейді

«Жетісу» Жақсылықовты өзге клубқа жібермейді

«Жетісу» футбол клубының шабуылшысы Айбар Жақсылықов жақын уақытта өзге командаға ауыса алмайды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады.

Жақсылықовтың командамен жарамды келісімшарты бар. Оған елдегі үздік клубтар - «Қайрат» пен «Астана» қызғушылық танытқанына қарамастан, клуб басшылығы тәрбиеленушісін жіберуді жоспарлап отырған жоқ. 

Айта кетейік, өткен жылы футболшы Қазақстан құрамасында дебют жасап, Ұлттар лигасындағы екі матчқа қатысты. Ал ел чемпионатында Жақсылықов 16 матчқа қатысып, алты гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или