Зайнутдиновтің клубында жаттықтырушылар құрамында өзгерістер болды
Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын Мәскеудің ЦСКА командасы өзінің ресми сайтында команданың жаттықтырушылар құрамындағы кадрлық өзгерістер туралы хабарлады.
Бас бапкер Виктор Гончаренконың көмекшісі болып жұмыс істеген Сергей Овчинников пен Виктор Онопко командадан кетті. Екі маманның да келісім-шарт мерзімі аяқталған.
«ЦСКА ПФК Сергей Иванович пен Виктор Савельевичке жемісті жұмыстары үшін алғыс айтады және оларға болашақ мансаптарында сәттілік тілейді!» - делінген команданың ресми хабарламасында.
Овчинников ЦСКА жаттықтырушылар құрамына 2014 жылы кірді. Онопко ЦСКА-мен 2009 жылдан бері жұмыс істейді.
19 турда 37 ұпай жинаған ЦСКА футболдан Ресей чемпионатының турнир кестесінде «Зениттен» (41) ғана қалып, екінші орында тұр. Үшінші орындағы Мәскеудің «Спартагы» 2 ұпайға қалып келеді.