ЦСКА қараша-желтоқсан айларының үздік ойыншысын анықтап жатыр. Зайнутдинов - екінші орында

ЦСКА қараша-желтоқсан айларының үздік ойыншысын анықтап жатыр. Зайнутдинов - екінші орында

ЦСКА КФК сайтында клубтың қараша-желтоқсан айларындағы үздік ойыншысына дауыс беру жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.  

Жұма күні ВГИК интернет-паблигі әр түрлі әлеуметтік желілерде дауыс беру сілтемесін орналастырған. Хабарламада тек бір ойыншыға - қорғаушы Виктор Васинге қолдау көрсету сұралған. Ал ол кезде жартылай қорғаушы Никола Влашич 21% дауыспен көш бастап тұрған еді.

Қысқа уақыт ішінде Васин 10 мыңға жуық дауыс жинап, рейтингте топ бастап кетті. Алайда, дәл сол кезде Игорь Дивеевке дауыс беру белсенділігі жоғарылап кетті. Сауалнамаға қатысушылар санының ерекше өсуі байқалды. Егер қыркүйекте 12 544 адам болса, 13 қазанда 13 447, ал осы айда сенбі 00:30-ға дейін 50 мыңнан астам адам дауыс берген.

ЦСКА дауыс беруді тоқтатып, нәтижелерді нөлге теңестіру туралы шешім қабылдады. Сауалнама қайта басталғаннан кейін Влашич қайтадан көш бастады (2530 дауыс, 19%), одан кейін Бактиер Зайнутдинов (1556 дауыс, 12%), үшінші орында - Игорь Акинфеев (1531 дауыс, 11%). Ал Васинде 812  (6%), Дивеевте - 839 (6%) дауыс бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или