«Таразға» жаңадан бас бапкер келді

«Таразға» жаңадан бас бапкер келді

Сергей Тагиев «Тараз» футбол клубының бас жаттықтырушысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz «Смақовтың Баласы» Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

Клуб жаттықтырушылар құрамымен қоштасты деген қауесет екі күннен бері тарап келеді. Алайда, клуб ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Тагиевтің тағайындалуы туралы ақпарат та ресми емес.

Тагиев 2003 және 2006-2007 жылдары «Таразға» бапкер болған. Ол 2016 жылы жаттықтырушылар штабының мүшесі болды, 

Сонымен қатар ол «Тараз» жастар командасын да жаттықтырды.

Ол ойыншы ретінде Жамбылдың «Химигінде», «Эрзу», «Қайрат», «Қайсар» және «Тараз» командаларында доп тепкен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или