Лапорта: «Барселонаның» қарызы бастан асады
«Барселона» президенттігіне үміткер Жоан Лапорта клубтың қазіргі қаржылық жағдайы туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Soccer News-ке сілтеме жасап.
«Бізге шұғыл шешімдер қажет, өйткені қарыздың деңгейі өсіп кеткен. Бізге клубты қайта құрылымдап, шығындарды қысқарту керек. Бұл тапшылықты азайтады. Көрерміз. Клуб сапында жүрмеген соң, нақты ештеңе білмейміз. Біз шығындар (пандемия себебінен) көп болады деп ойлаймыз. Біздің команда клубты қабылдаған кезде аудит жүргізіледі. Біз кірістерді 661 миллион еуро деп болжаймыз және бұл клубтың шығындар деңгейіне байланысты өте аз», - дейді Лапорта
Бүгінгі таңда «Барселонаның» қарыздары 820 миллион еуроға бағаланып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или